Астана: Әлем, 2009. — 442 б.
Математиканың ішіндегі күрделі пән «Алгебраны» Қаныш Имантайұлы қолға алып, алдымен араб қарпінде 1924 жылы жазып шығып (592 беттік қолжазба), соңынан латын графикасына 1929 жылы (1400 бет) көшіреді. Қолымызға ғұлама ғалым, Қазақ академиясының тұңғыш президенті Қаныш Сәтбаевтың «Алгебра» оқулығы түсті... Қайраткер ақын Кәкімбек аға Салықов «Халықаралық Қаныш Сәтбаев атындағы қорға» жетекшілік жасап, оқулықтың кириллица қарпімен шығуына мұрындық болды.