Жоғары оқу орындарының техникалық мамандықтарына арналған. — Алматы: Эверо, 2011. — 332 бет.
Оқулықта материалдар құрылымының негіздері және химиялық-физикалық құбылыстары баяндалған. Материалдар мен конструкциялық материалдар технологиясының негізгі мәселелері ашылып, оларға тиісті сипаттамалар берілген. Материалдар мен конструкциялық материалдар технологиясы курсы кредиттік технология жүйесінде оқитын білімгерлерге лайықталып, әр тақырып бойынша сұрақтардың жауабы ретінде жазылған.
Техникалық мамандықтар бойынша білім алушы білімгерлерге арналған.